Тәрбиелеу

lat: TÁRBIELEÝ

Тәрбиеле етістігінің қимыл атауы.

1. Өнегелі іске үйрету, Тәрбие беріп, өсіру.

Осы күні оларға сеніп бала тәрбиелеу де қиын (Б.Нұржекеев, Бір ғана.).

Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті (ҚР Конституциясы.).

2. Сана-сезімді, мінез-құлықты жетілдіру, дамыту.

Адамдарды нәзіктікке, сезімталдыққа, көркемдікке тәрбиелеуде поэзияның орны өзгеше (І.Омаров, Серпін).