Тәрбиелі

lat: TÁRBIELİ

с ы н. Жақсы тәрбиеленген, үлгілі, өнегелі, әдепті.

Ғазиза салмақты, таза, тәрбиелі бала (М.Әуезов, Таңд. шығ.).

Көп оның тілекшісі, жан күйері, Жігіт ол таңдай таза тәрбиелі. Алтынды кір шала ма, кір шалмайды, Алып кеп жаққаныңмен бар күйені (Т.Молдағалиев, Шақырады.).

Ұрмақ тиіс балғаны Темірдің қызу жұбында. Өлшеп заман низамын, Тәрбиелі талапқа Ұмтыла басып қимылда! (О.Шораяқов, Шайыр).