Тәрбиеші

lat: TÁRBIESHİ

з а т. Жастарға тәрбие беру жұмысымен айналысатын адам; тәрбие жұмысын жүргізуші, тәрбиелеуші.

Жоғарыда саналған іскерлік түрлерінің ішінде адамға ең қымбаты адамның терең, толық білімді болуына себепші болатыны, сөз жоқ, ерікті іскерлік. Сондықтан тәрбиеші күшін баланың іскерлігінің өркендеуіне жұмсау керек (М.Жұмабаев, Шығ.).

Қанша айтқанмен директор сеніңкіремеді ме, қасына интернаттың тәрбиешісін қосып беретін болды (Т.Ахтанов, Боран).