Тәттілік

lat: TÁttİLİK

з а т. 1. Тәтті болғандық, тіл үйіретіндік.

Мысалы, тәттілік деген ұғым жабайы ұғым (М.Жұмабаев, Шығ.).

Алманың, алмұрт, шиенің Тәтілігі бал шырын. Деп қаласың: бұл бақты Өсірген екен Мичурин (М.Әлімбаев, Балдәурен.).

2. Дәмділік, нәрлілік, жұғымдылық.

Жолшыбай қымыздың тәттілігі мен оны өндірудің жолы сөз болды (Б.Қойшыбаев, Ай нұры).

Сапырып Ақжайықтың ақ тұнығын, Қаз-үйрек жеткізуге шаттық үнін. Қаңқылдап мақтап отыр майшабақтың, Өзара таңдай қағып тәттілігін (М.Неталиев, Менің заман.).

3. а у ы с. Жанға жайлылық, жағымдылық, сүйкімділік.

Бұл минуттың тәттілігі сонда мен өзімнің Бәтесімді енді қайыра еш уақытта көрмейтіндей бар ықыласымен сүйіп едім (Ә.Омарбаев, Кәрлен.).

Ғаламат күш, апыр-ау, бұл не деген? Тас та қалмас, сеземін, гүлдемеген. Тәттілігін еңбектің осыншама Қазақ қазақ, болғалы білген емен (Ж.Молдағалиев, Жиырма бес).

4. а у ы с. Өмірдің қызығы, рақаты, жақсылығы.

Пайдасы ғылымменен ми кептірер, Дос-жарға мақтан етіп, бұлдап көрер. Жақсы сөз, жақын үміт тәттілікті Кемітер, көңіл қоймас, кекеңкірер (Абай, Тол. жин.).

Сен өмірдің тәттілігін қандай идеалға бөлегеніңді өзің білесің бе? (I.Есенберлин, Алтын.).

5. а у ы с. Татулық, ынтымақтық, сыйластық.

Өз тұсында бұл екеуінің тәттілігіндей тәттілік, бірлік ешкімде де болған жоқ (М.Әуезов, Қилы заман).

Сексеннен әрі асқандар болмаса онан бергі жастағылар біздерді атымыздың сәйкестігіне, өзіміздің бір анадан туғандай тәттілігімізге қарай егіз деп ойлайды («Қаз. әдеб.»).