Тәуекел

lat: TÁÝEKEL

з а т. 1. Бір іске жалтақтамай батыл кіріскендік, белді бекем буынғандық.

Үш қонып, төртінші күн белден асты, Ол күні алтынды үйге душарласты. Тау басынан түсірген тәуекелмен Сол үйге кірмек болып қадам басты (Абай, Тол. жин.).

Тәуекел, тағы да бағымды сынап көрейін, деді Балзия қолындағы тасын оқтайлап ұстап (С.Омаров, Өмір.).

Не болса да тәуекел, Қостым тайды жарысқа. Мейлі үмітім бос кетер, Жарамаса алысқа (Ғ.Орманов, Таңд.).

п с и х о л. Қалай аяқталатыны анық емес және табысты болмаған жағдайда жағымсыз салдары болуы мүмкін іс-әрекеттің жағдаяттық сипаттамасы.

Психологиядатәуекел” термині негізінен тәуекелге бару тұрғысынан, яғни субъектінің қауіпсізінен гөрі іс-әрекеттің қауіпті вариантын белсенді түрде артық санауы тұрғысынан қарастырылады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).

3. ә с к. <франц. risgue> Жүзеге асырмақ ісаралардың сәтсіз болып шығуының ықтимал қаупі, осындай қауіпке байланысты ісаралардың өздері.

“Әйтеуір бір сәті болар” дегенге негізделген көзжұмбай Тәуекел және әбден ойластырылған, сәтті болады деген сенімге негізделген нартәуекел деп сараланады. “Тәуекел” термині ойындар теориясы мен шешімдер белгілеу теориясында қолданылады (Қаз. тілі термин. Әскери.).