Тележүргізуші

lat: TELEJÚRGİZÝSHİ

з а т. Телебағдарламаларды жүргізуші маман, журналист.

Бітімі бөлек мақалаларымен, тележүргізушілігімен танылған ойы сергек, білікті журналистердің бірі Бигелді Ғабдулинді жұртқа таныстырып жатудың өзі артық десем, ол бұл жолы да жұртшылықты елең еткізердей жоба жасапты («Егемен Қазақстан»).

Басылымның соңғы саны әлемдегі ең жалақасы көп журналист Ларри Кинг туралы мақала жариялапты. СNN телекомпаниясы әйгілі тележүргізушіге жылына 10 миллион АҚШ долларын төлеуге әзір көрінеді («Қаз. әдеб.»).