Жұмыртқала

lat: Jumyrtqala

етістік. Тұқымдау, жұмыртқа салу. Томаша тоғыз ж ұ м ы р т қ а л а й д ы, біреуі ғана бұлбұл болады, өрмекші сегіз ж ұ м ы р тқ а л а й д ы, біреуі ғана бүйі болады (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). Ақырдың ішіндегі қыстан қалған кәшек шөп-шалаңға жаз бойы тауықтар ж ұ м ы р т қ а л а й д ы (Б.Соқпақбаев, Балалық.). Шұбарлыққа ж ұ м ы р т қ а л а ғ а н көп тарғақ ұяларын қорғап, алдымнан кес-кестеп ұшты (Ж.Қосыбаев, Әнші Мұхит).