МҮКАММАЛ, МҮКӘММАЛ, МҮКАМБАЛ, МҮКӘМБАЛ, МҮКӘМБӘЛ, МҮКӘММАЛ, МҮКӘММӘЛ, МҮКЕММАЛ , МҰҚӘМӘЛ , МӘКЕММАЛ

lat: MÚKAMMAL, MÚKÁMMAL, MÚKAMBAL, MÚKÁMBAL, MÚKÁMBÁL, MÚKÁMMAL, MÚKÁMMÁL, MÚKEMMAL , MUQÁMÁL , MÁKEMMAL

(ар. мукаммал مكمل)   

1. Аяқталған, толы, толық.

2 . Ауысп. Байлық, дүние-мүлік.

Уәзірдің жалғыз қызы Ғазиза атты, Бау шарбақ, мүкаммалы салтанатты («Иранғайып шаһ Ғаббас». Ғашықнаме, 1976).

Батырдың қалдың астында, Мүкаммалды шаштың ба («Қисса Ер Қабанбай». Бабалар сөзі. 58-том. 2010. 100 томдық).

Атамнан да көп болды менім малым, Көп жиған дүнияда мүкәммалым («Қисса Таһир». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).

Сен кеткен соң мұны кімге беремін”, деп, Мүкәмалын далаға шашты дейді («Қозы Көрпеш Баян сұлу» (Шөже нұсқасы). Бабалар сөзі. 55-том. 2009. 100 томдық).

Қалдырмастан тамамын, Үй мүкамбал , айнамды («Еңсегей бойлы Ер Есім». Бабалар сөзі. 56-том. 2009. 100 томдық).

Мүкәмбалы жиылып, Керекті нәрсе үйіліп («Еңсегей бойлы Ер Есім». Бабалар сөзі. 56-том. 2009. 100 томдық).

Басырада бір жігіт бар Қасым атты, Бау-шарбақ мүкәмбәлі салтанаттыҚасым Жомарт». Дастандар, 1990).

Сен кеткен соң мен мұны қайтемін” деп, Мүкәммал малын далаға үйді дейді («Қозы Көрпеш».Ж. Көпейұлы нұсқасы). Бабалар сөзі. 54-том. 2009. 100 томдық).

Сән-тұрманы, мүкәммал , киім анау, Соның үшін сені мен менен артық! («Қозы Көрпеш Баян сұлу» (Бейсенбай нұсқасы). Бабалар сөзі. 54-том. 2009. 100 томдық).

Сән-тұрманы, мүкәммәл барлығы сай, Соның үшін сені мен менен артық! (Қозы Көрпеш-Баян сұлу. 1985).

Көрген соң білдім үйдің байын, дедім, Мал менен мүкәммәлге сайын, дедім («Мұхаметжан Серәлин». Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985).

Шаһызада атасы өліп, патша болды, Мүкеммал , дәрежеге көңілі толды («Өліп тірілген Шаһызада». М.Жүсіп, І-том, 2003).

Ойын ойнап сарып қылдым барлық малым, Атамның қанша жиған мұқәмәлінҚасым Жомарт». Дастандар, 1990).

Мәкеммал жаһан толған соң, Хорлыдайын мағшуғты, Дүниелікке сатар ма-ай («Зияда-Шахмұрат». Қисса-дастандар, 1986).

Мүлік-мүкәммәл дүние-мүлік.

Құлақ қақпас һеш адам жарлығына, Жарасты мүлік-мүкәммәл байлығына («Қозы Көрпеш Баян қыз ».Н.Потанин нұсқасы). Бабалар сөзі. 54-том. 2009. 100 томдық).