lat: MÚMİN, MÚMIN, MÝMIN, MÚHMİN
(ар. мумин مؤمن)
1. Мұсылман адам, ислам дінін ұстанушы.
Алты жүз адам ол шаһарда мүмін болды, Сейітке тәсілім болып, зарлық қылды («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).
Ашуланып ол Хабаз кәпір болды, Сақи сонда мүмін боп дінге енді («Қисса хазірет Жүсіп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесі». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).
Бұған жайған намазыңыз намаз емес, Дін жасырған бұ кәпір, мүмін болмас («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).
Әйтеуір « мүмин » – деген атымыз бар, Өзің рақым ете гөр біздей құлға! («Рухтың хикаясы». М. Жүсіп, ІІ-том, 2003).
Жазасын берер Алла ол жауыздың, Ай, мумин , шариғатқа қылғыл пікір («Өлім халінен Ғайша анамыз илан Пайғамбардың бақас (бахис) қылғаны». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).
Мәлік Риян иман айтып мүһмін болды, Жүсіп садиқ дінін қабыл қылды («Жүсіп-Зылиха». Ғашықнаме, 1976).
2. Діндар, діншіл, құдайшыл.
Періште адамзатты қойша бөлер, Жөнелер мүмин адам жұмаққа, әні! («Өлім халінде болған пенденің халі». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).
3. Ауысп. Момын, жуас.