Теріс

lat: TERİS

с ы н. 1. Дұрыс емес, қате; бұрыс.

Ар демек адамшылық, намыс деген, Арың кетпес жағыңа қарыс деген. Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу, Сөз емес, күншіл болып, алыс деген (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Исатайды енді қол астындағы көп әскерімен Баймағамбет қуады. Бірақ ел Исатайды жасырып, орнын айтпайды. Қазақтың теріс сілтеуімен Баймағамбет Исатайды Атырау, Маңғыстау жаққа қуып кетеді (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.).

2. Кері, керісінше, қарама-қарсы.

Теріс те борап ұштым мен, Көтеріп бәрін еңсеммен, Күндерде осынау үстімнен Үкілі бақтар теңселген (Т.Айбергенов, Мен саған.).

Түзуіне төтелеп тура жүру, Жөнді іске теріс лағып бәлен демес. Әр пенденің басында әртүрлі іс бар, Табылған барша жұрттан ұшбу кеңес. Егерде жүрегіңде талап болса, Қорғанбай көкке ұмтыл, бойды теңес (Ә.Найманбаев, Шығ.).

а у ы с. Жағымсыз, ұнамсыз, орынсыз, жүйесіз.

көшеге ертіп шыққанда өзіңмен бірге жүрсін, теріс мінездерін байқасаң, одан тыйып таста, деді (Ш.Айманов, Қыран.).

Адамгершілік тәрбие әлеуметтік тұрмыста теріс мінез, жат қылықтарға қарсы тұра алатын ұстамдылықты қалыптастырады (Ә.Болғанбаев Адам.).