Теріс

lat: TERİS

е т. 1. Жинасу, теруге, жинауға болысу.

Жалғыз барам деп қиналма, мен де барып, саған тезек терісіп қайтам, деді (А.Байтанаев, Қайнар.).

Жұпардай аңқып исі жеміс тердің, Верамен қатар жүріп теріскен гүл, Кетер ме көкейімнен, болмас ұмыт Ләззаттың балын тілмен беріскенім (Ғ.Игенсартов, Тың.).

2. а у ы с. Бір-бірінің қателіктерін, кемшіліктерін жіпке тізіп айту, бетке басу.

Өкпелерін терісті. Екі батыр егесіп, Ел алдында керісті. Егесіп тұрып екі алып шегінісіп тұрысты (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).