Ти

lat: TI

е т. 1. Бір нәрсенің екінші бір нәрсеге барып тірелуі, соқтығуы.

Жұлқынып пырақтар дакүш қылады, Келгендей ту аспанға ұшқылары. Сатырлап сауырынан қамшы тисе, Тұлпарлар тұяқ тіреп ышқынады (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).

Назбедеу аттың тұяғы Тасқа тисе тұралар. Екіталай жер болса Ердің басы сыналар, Жесірдің қамын ойласаң, Жетімнің көңілі жұбанар азар жырау, Шығ.).

2. Оқ тию, найза қадалу.

Оң емшектен бір найза Тиген екен көлденең. Жұлып алып найзасын, Жауын о да түйреген (О.Шипин, Дастан.).

Мен құлап барып тоқтадым, Жалынға кімдер күймейді. Соңғы кез атқан оқтарым, Көздеген жерге тимейді (Т.Молдағалиев, Шақырады.).

3. а у ы с. Бір нәрсені алу, иелену.

Еркін тиіп қонысы, Кеңір ме екен өрісі, Не болады орысы, Соны ойлайық бағалап (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Тиген соң қалағаным қолыма енді, Қуанып қайта түстім жолыма енді. Келінін аман-есен көрсе әкем, Қалар тасып, көңілі толып енді… (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

4. а у ы с. Біреуге тиісу, соқтығу, ұрыну.

Тебіңдер, қамырша илеңдер, Қинаңдар, үнін шығарма! Шешесіне тимеңдер, Отыраріштен тынар да (М.Мақатаев, Шығ.).

Елге қатаң тиетіндері де бар шығар, жоқ деп айта алмаймын. Көптің ішінен не шықпайды? Аласапыра төңкеріс заманы, мұндайда лай судан балық аулайтындар да боялып балшабек болып жүр (Ж.Аймауытов, Шығ.).

5. а у ы с. Шабуыл жасау, жауға шабу.

Амал бар ма көнбеске, Бастығы сүйдеп айтқан соң, Қырға шықты сарбаздар Солдатқа шауып тимекке (О.Шипин, Дастан.).

6. а у ы с. Күйеуге шығу, тұрмыс құру.

Базарбай. Менен сыр жасырмайтының қайда? Япырай: Осы түріңізбен бір жас жігіт табылмады ма? Неге шалға тидіңіз? (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Ғашық жарым ер Манас, Егескенді жер, Манас, Екі қызды мен таптым Сүйіншімді бер, Манас, Жеті жылдай зынданда, Жылаумен нәзік қылдан да, Жарық көрмей жалғанда, Жатыр жылап арманда. Бір ықтияр бермейді, Ти деп маған барғанға (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

7. Болымсыз тұлғада “ұрыспа”, “бетін қайтарма”, “ұрып-соқпа” деген мәнде қолданылады.

Тимеші, көкем, балапаныма тимеші, Қамығып қалар, қабағыңды да түймеші. Қақпашы қолын, не аламын десе, ал деші, Тартпашы қолын, не кием десе, ки деші (C.Жиенбаев, Алтын қалам).