Тоғыз

lat: TOǴYZ

с а н. 1. Сегіз бен онның аралығындағы сан.

Ер жетті екі бала сонда тұрып, Жасынан тату болды бірге жүріп. Балалар тоғыз жасқа келгеннен соң, Апарды үйлеріне киіндіріп (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Табысқа сан жетпейді, сәнсалтанат, Тамаша үйге кірді тоғыз қабат, Өнерпаз үлгілі елдің болды бірі, Елу жылдың төрінен тұрсаң қарап (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

2. Тоғыз жас.

Алты жаста Мұсабек Әкесінен айрылған, Қаза тауып анасы, Тоғызында қайғырған. Атаанасы өлген соң Болмады оның панасы (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.).

Сағаттың сегіз бен онның арасын көрсететін уақыт.

Әнеукүні Володямен кездеспек болып уәделескен уақыты бүгін кешкі сегіз бен тоғыздың арасында болатын (Ә.Шәріпов, ҚапасТа.).

3. э т н. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы үлкен жиын-тойда ат бәйгесіне берілетін сыйлық немесе әртүрлі даушарда төленетін айып.

Бас тоғызы түйе, екінші оғызы жылқы, аяғы қой (М.Әуезов, Таңд. шығ.).

Бұнда да ұлы, орта, кіші аталатын тоғыздар сыйланады екен, оған құндыз, бұлғын, тиін сияқты қымбат аңдар терісі қосылып, тоғыздық өзгелері үлкенді-кішілі мал-мүліктен құралады екен (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).

4. э т н. Дәстүрлі қазақ қо-ғамында қадірлі қонаққа сыйлы кісіге берілетін, сондай-ақ жол-жоралғы жөнімен берілетін, өз ішінен жанды (немесе Тірі) және жансыз (немесеөлі) Тоғыздан, бас жақсыдан құралған кәде.

Апалар, мұны еШкім көрмес пайда, Ойланбай іс қылсақ осындайда. Бір Тоғыз сәлемдеме бердіңізақ, Келген адам сый-сияпаТ жолы қайда? (Қозы Көрпеш.).

«Бастығы Сүйіндік, Байсалдар болып:«Азаға салғаным», «қосқаным», «аруағына арнааным» деп Шеттерінен қос ат, нген, амбы, тай тұяқ, қой тұяқ сияқты бұйымдар атасты. Сөйтіп кеңес аяғында підиясының өзі талай Тоғыз болып саналады (М.ӘуезоВ, Таңд.).