Тойлау

lat: TOILAÝ

Тойла етістігінің қимыл атауы; той жасау, мерекелеу, атап өту.

Онкүндік мерекесі өткеннен кейін, мен Леон Исаевич Мирзоянға жолықтым да, алдағы жазда Сәкен Сейфуллиннің әдебиеттік еңбекке кірісуіне 20 жыл толуын Қазақстанда тойлауды өтіндім (С.Мұқанов, Есею жыл.).

Саған соны қалай көрсетуді көптен бері ойлап, өсек айтқандай болмайын, өз көзімен көрсін деп, ақырында, мінеки, туған күнімді тойлауды ойлап таптым (Б.Нұржекеев, Бір өкініш.).