Тоқал

lat: TOQAL

з а т. э т н. Бәйбішенің үстіне алған әйел.

Бір ұл бар тоқалынан Барғана атты, Қоя ма қазақ тұтпай ескі салтты? «Аға өлсе, жеңге мұра» деді-дағы, Қатын ғып Былқылдақпен бірге жатты (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Ой, тоқалда басың қалсын, тоқал, тоқал деп әлі құрығаныңды білмессің (Ж.Аймауытов, Шығ.).