Тоқтату

lat: TOQTATÝ

Тоқтат етістігінің қимыл атауы.

Аялдату, кідірту.

Арызға келген жетімді Жібермей тоқтату, Билерім, сізге жөн бе екен? (Бес ғасыр.).

Қауіпті ой ешкімді де жүдетпесін, Күш қайда тоқтатуға шірет, көшін. Әлемнен сонда-дағы бір сығалап Кетер ме ек екі жүздей жыл өткесін?! (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).

2. Белгілі бір істі әрі қарай жалғастырмай, тыю, тоқтау қою.

Республика Президентін қызметінен кетіру туралы мәселе ол Республика Парламентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды (ҚР Конституциясы).

Менің міндетім өзім сияқты өкілдермен бірлесіп, мал өлімін тоқтату еді (Ә.Нұршайықов, Жер туралы).