Тоқтық

lat: TOQTYQ

з а т. 1. Ішіп-жеп, бүйірі шығып тойғандық.

Құранды ерді қылп еткізбес шоқтығы, Құр жүрсек те білінбейтін тоқтығы. Жалы артық, қомдағайлы қолтығы, Жирен аттан басқа досым жоқ күні (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).

Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық Аздырар адам баласын (Абай, Тол. жин.).

2. Ағыл-тегіл молшылық, баршылық, дүниенің көптігі.

Түу, қандай тәтті наның. Аштықта жеген нанның тоқтықта дәмі кетпейді деген осындайдан шыққан-ау (Ж.Тәшенов, Алғашқы.).

Оқырманды ойым жоқ мазалауға. Оның қазір ертеңге назары ауған. О жасаған! Кім білген болатынын Адамдарды тоқтықпен жазалауға! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).