Тоқырау

lat: TOQYRAÝ

Тоқыра етістігінің қимыл атауы.

Кідіру, бөгелу. Аттардың бабына қарай түсте және кешке ұзағырақ тоқыраумен біз ілгері жөнеп отырдық (С.Мұқанов, Өмір мект.).

Тоқырау білмес айбыны Адалдық деген әлемнің ұлы байлығы Бетіне жиған ұятты Әйтсе де, кейде ол кінәмшіл бала сияқты (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Бір құбылыстың, істің, ілгері жылжымай, тоқтап тұрып қалуы. Кеңес қоғамында жүйелі түрде орын алып келген тоқыраулар КСРОның күйреуі кеңес елінің әлеуметтік психологиясына қатты әсер етті («Егемен Қазақстан»).

Қиянат алып билікті, Қасиетіңе шүйлікті. Туласаң тағы дегендей Тоқырау келіп килікті (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).