Тон

lat: TON

з а т. 1. Иленген қой терісінен жүнінішіне қаратып тіккен жылы, қыстық сырт киім.

Жамылып иығына тон, күпісін, Дәретке бай да шықты ыңыранып (І.Жансүгіров, Шығ.).

Осы кезде почташы Бәкір кіріп келді, басында әкесінің ескі түлкі тымағы, үстінде тері тоны (С.Алдабергенов, Асу).

2. к ө н е. Киім.

Қапыда қолға түсіп болды пенде. Сыпырып атын, тонын жалаңаштап, Масқара қылды әбден әйгілі елге (І.Жансүгіров, Шығ.).

Таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлыаз. мақал.).

3. э т надірлеу, құрметтеу нышаны ретіндегі сыйлық немесе айып-пұл таралғысы ретінде берілетін құн өтемі.

Алдыңызға тағы да басымды иемін, жүлдені біз алмаймыз, Арыстан Бабаға тон жабамыз, деді (М.Дүзенов, Ант).