Тон

lat: TON

р е к. tonos] з а т. м у з. 1. Дыбыстың белгілі бір жоғарылығы, дауыс көтеріңкілігі.

Сатар сымнан таққан он үш ішегі бар, біреуі ғана тон беріп, өзгелері октаваларға бөлініп кететін құрал (С.Мұқанов, Алып. адым.).

2. Екі дыбыстың арақатысы.

Екі жарты тон бір бүтін тон құрайды (В.Ғизатов, Қаз. муз. сөздік.).

3. Дыбыс, дауыс ырғағы.

Бір жылдың аяғында дыбыстарды түгел айырып, сөздерді ұғып, хатта сөйлеудің тонын, ыңғайын да (ашулы сөз, жылы сөз) байқай алады (М.Жұмабаев, Шығ.).