Торпақ

lat: TORPAQ

з а т. Сиыр малының алты айдан бір жасқа дейінгі бұзауы.

Ірі қараның алты айға дейінгі төлі бұзау, алты айдан бір жасқа дейінгісін торпақ, баспақ десе, бірден екі жасқа дейінгілерін тайынша, тана дейді (X.Арғынбаев, Қаз. этногр.).

Қой-ешкі, торпақана, тай-құланды есептемегенде екі-екіден бие, үш-төрттен сиыр ұстап отыр (Е.Мырзахметов, Медет).