ТӨЛЕУ

lat: TÓLEÝ

Төле етістігінің қимыл атауы; төлемін беру, құнын өтеу.

Сатып алдым демегенмен, төлеудің де түгел ашып айтыпты, онысы азаматтық (Б.Нұржекеев, Күтумен өт.).

Мерзімді депозиттік сертификатта төлем және процент нарқын төлеудің белгіленген күні болады (Б.Жүнісов, Нарық. экон. негіз.).

Бектастың қасқыр тартып бір құлынын, Төлетпек болған екен бұл шығынын.Төлеуге Үдекең де мойындамай, Естіген екеуінің ел шуылын (О.Шипин, Дастан.).