ТӨМЕНДЕУ

lat: TÓMENDEÝ

с ы н. 1. Еңістеу, төменірек.

Әкем мені өзіне қатарластырап, арбаның алдына отырғызды. Шешем бізден сәл төмендеу жайғасқан (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ).

Түсер деп көзге жарығы Шындықтан бұғатындарды, Төмендеу жатып дарыны Төбеге шығатындарды (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

2. а у ы с. Құны, сапасы жоғары емес, нашарлау.

Түркістан кілемдері сапасы жөнінен Түркімен кілемдерінен төмендеу көрінеді (М.Елеусізов, Шоқан Уәлиханов.).