ТӨМЕНДЕУ

lat: TÓMENDEÝ

Төменде етістігінің қимыл атауы.

1. Төмен қарай түсу, құлдилау, еңістеу, ылдилау.

Бір ғажабы, фашист самолеттері биікте ұшуда, төмендеуге қорқатын тәрізді (Ә.Әлішев, Батыр.).

2. Деңгейі түсу, басылу.

Сонымен бірге жыныстарды минералдық құрамы кварц мөлшерінің төмендеуі мен пироксендердің арта түсуіне қарай өзгереді (К.Сапарбайұлы, Геология.).

Ғалымдар әлі де Каспий деңгейінің төмендеуі туралы нақты қорытындыға келе алмай, ол туралы үш түрлі жорамал айтады (Н.Баяндин, Ата мекен).

3. Азаю, кему.

Температура жоғарылаған сайын, тау жыныстарының көлемі ұлғаяды, ал температураның төмендеуінен көлемі кішірейеді (К.Сапарбайұлы, Геология.).

4. Нашарлау, сапасы түсу.

Ендеше жүннің мол алынуына, оның сапасының төмендеуіне де тигізер зияны жеткілікті (Д.Жанботаев, Шыңда.).

Оқушылардың білімінің төмендеуіне бас болып директор өзі себепті (С.Еркебаев, Алғашқы.).

Кен қорының небәрі 12–20 проценті ғана алынып, мұнай қабаттарының су басып кетуіне, өнім беру қабілеті төмендеуіне, әртүрлі жерасты апаттарына байланысты тиімсіз деп саналды («Егемен Қазақстан»).