ТӨРАҒА

lat: TÓRAǴA

з а т т а р. 1. Мәжілісті, жиналысты басқарушы ресми тұлға.

Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады (ҚР Конституциясы).

Төрағасы жайғасты төрге барып, Бос орын жоқ Зал іші көмбе халық. Әуезовті бір шешен мақтап жатыр, Аракідік тамағын кенеп алып... (М.Мақатаев, Шығ.).

2. Ұйым, мекеме, бірлестіктердің басшысы.