ТУ

lat:

з а т. <голл. vlag> Жеке бір мемлекетке, топқа арналып белгілі бір түсті маталардан жасалған, рәміздік бейнелері бар ұзын сапты жалау; байрақ.

Әр ұйымның өз ұраны туларына жазылып, жұрт алдында жарқ-жұрқ етеді (I.Жансүгіров, Шығ. жин.).

Бостандық туы жарқырап, Еркіндік суы сарқырап. Байғұс қазақ осыдан Қана ала ма бас құрап (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Келеді батыр кегінің туын көтеріп, Жүріңдер, достар, сол туға біз де жетелік (Ә.Тәжібаев, Жартас).

Хангелдінің сауытын кигізіңдер, Қыннан алып, қылышын сүйгізіңдер. Сырымбеттің туының алдына әкеп, Тәубе еткізіп, басын да игізіңдер (М.Мақатаев, Шығ.).

2. ә с к. Әскери бөлімнің рәмізі.

Ту жауынгерлердің жиналуы мен бірігуі үшін алыстан жақсы көрінетін белгі ретінде ежелгі Таяу Шығыс, Үндістан, Қытай, т.б. елдерде биік сырыққа орнатылған қандай да бір бейнелер түрінде пайда болған (ҚҰЭ).

Бұлбұлдар сайрап бағында Байғыздар тасқа ұялар. Батырлар жауға шапқанда Қолына байрақ, ту алар (Базар жырау, Шығ.).

3. э т н. Бура келеге түскен кезде адамға қауiп төндiрiп шайнау, тарпудан сақтандыру үшiн бура өркешiнiң ұшына байлайтын түстi мата белгi (Б.Хинаят, Төрт түлік.).