ТУ

lat:

с ы н. 1. Бір не бірнеше жыл тумай қалған, қысыр; қоңдыал).

Қалыңнан алған көк ат пен тарғыл ту сиырын сатып, қызға керек-жарақ алуға жәрмеңкеге кеткен («Абай»).

Міне, ол ақ отаудың алдына бір ту қойды жығып тастады (Ғ.Мұстафин, Көз көрген).

Ту байталдай тумаған тоқал, мес қарын байынан не рақат тауып жүр дейсің (Т.Қажыбаев, Айналайын.).

Бала таппаған, бедеу (әйел).

2. а у ы с. Әлі игерілмеген, пайдаланылмаған; тың (жер).

Ертіс алқабының ғасырлар бойы ту жатқан тың даласы нағыз құнарлы, астықты өлке болды (Ә.Нұршайықов, Жер туралы.).

Егін шығымы тіпті жақсы. Талай жылғы ту жер биылғы. Қалың жаңбырда керемет көрсетті (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).