lat: Tý syrty
Адамның, үйдің т.б. сырт жағы, арқа тұсы, арты.
Әбдікен сақтықпен жылжып, жартастың ту сыртына шықты (Б.Нұржекеев, Күйтолғақ).
Шыңғыстың ту сыртында отырып та бұлжытпай айтып бере алатын осы ұрылар (М.Әуезов, Таң. шығ.).
Қойын сойып, қолдарын қусырды да, Дұшпандарын жіберді тусыртына. Қақпа бола алмаған қайран елге, Қауқары жоқ күндерің құрсын мына! (М.Мақатаев, Шығ.).