Туыс

lat: Týys

з а т. 1. Бір атадан тараған, жақын, қандас туысқан.

Отты сұлу көздерінің ақ, қарасы әлі детап-таза жақсы туыс белгісі сияқты (М.Әуезов, Абай жолы).

Кедейлік ер жігітке намыс емес, Жоқ болсаң туысың да таныс емесал ақын, Жыр.).

Туысты кім қияды ажал сұмға, Қарайласпай бола ма мұнда жылда? Өлмесіңді ойласаң деп кетіпті ол көшіп кел, бұл арада бір күн тұрма (Д.Әбілов, Алтай.).

2. ауыс. Бір-біріне мейір-шапағаты бар, бауырлас.

Адам адамға дос, туыс дейтініміз осыдан болу керек (М. Неталиев, Үлкен жол.).

– Біз бір ауылдың адамдарымыз, біз туыс боламыз, солай емес пе,–деді Ақзейнеп қызға (Ж. Молдағалиев, Самал).

3. Бауырлас, тегі бір, түбі бір.

Қырғыз қазақпен туыс, тіл, тұрмыс жағынан өзгетүркі руларынан жақын екендігін тарихшылардың көбі ыспаттайды (М.Дулатов, Шығ.).

Тағы... Тағы... Талайлар Елестеді көзіме. Қайран туыс ноғайлар Он сан болған бір кезде (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

Мен өмірдің толқынына кеудемді ашып жүремін, Бар адаммен туыс болып кетсін менің жүрегім (М.Шаханов,Ғасыр.).

Жақындығы бар, қатысты.

Бір музыка жетелейді күнде өрге, Өрде бардай мен қойылар бір көрме. Рахмет, жанарымнан тамған дән, Сол бір дәнмен ділі туыс гүлдерге (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).

4. биол. Филогенетикалық тұрғыдан бір-бірінетуыстығы жақын түрлерді біріктіретін, түрден жоғары тұратын негізгі таксономиялық категория.

Мысалы, әртүрлі итбалық (каспий, байкал, т.б.) итбалық туысына, әртүрлі қайың (сүйелді, қызыл, т.б.) қайың туысына жатады. Кейбір туыстың (жәндіктер, өсімдіктер туысы) он шақты, кейде жүздеген, мыңдаған, болмаса 2–4, тіпті бір түрі де болады (ҚҰЭ).