Тұздық

lat: Tuzdyq

з а т. 1. Еттен дайындалған тағамдарға қосып берілетін, пияз, сарымсақ, көкөністер туралған майлы сорпа.

Бибіш тұздық істеп жатып, төргі жаққа көз қырын салды (Д.Әбілев, Арман.).

Көп қолданылатын тұздыққа қалампыр, зімбір, кардомон, лавр жапырағы, бұрыш, т.б. жатады (ҚҰЭ).

2. Бесбармақты жер алдында құйылатын сорпа не пиязды сорпа.