Тұйық

lat: Tuıyq

с ы н. 1. Шығар жақ беті жабық, бітеу.

Айжанның халі қуған қасқыр қақпайлап әкеп, бұлтара алмайтын тұйыққа келтірілген қоянның халіне ұқсас еді .Мұқанов, Аққан жұлдыз).

Соған түсіп бес-алты қадам басып еді, алдынан тұйық шықты.Досжанов, Зауал).

2 . Киіздің, арқан-жіптің т.б. бүктелген, қайырылған жері .

Ол киіз тұйығында жатып, аяғын әлденеше қозғап байқады.Шүкіров, Ізгілік.).

Арқан, жіп, әртүрлі баулардың бір басы тұйық болады.Қасиманов, Қаз. қолөнері).

3. а у ы с. Ашылып сөйлемейтін бұйығы, аз сөзді .

Қайтейін сені, бауырым, Тым тұйық , бұйық баласың, Әкеңменен қол соғып, Алады-ау сатып сасық бай (М.Жұмабаев, Шығ.).

Әне, өзіңдей тұйық жігіт Сағынтайды қарашы, Гүлсармен тым жақындап бара жатыр арасы.Шаханов, Ғасырлар.).