Тұлға

lat: Tulǵa

з а т. 1. Адамның дене бітімі, пішіні.

Тұлғасы алып. Бір өзі халық Туар ма кісі Абайдан. Ақылы теңіз Аспанмен егіз Кеудесі алтын сарайдай. Батыстай сабаз, Шығыстай маңғаз, Жаһандай байтақ жаралған. Сондай бір ұлды Тудырып тынды Қазақта қандай бар арман! (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

Тұлғасын көріп көз тойған, Тумысына әркім ден қойған. Билігін бұрмай тура айтқан Төбедей билер төрде жоқ. Жауды көрсе сайланған, Беліне садақ байланған, Бес қаруын асынып, Белсенген нағыз ерде жоқазар жырау, Шығ.).

2. ауыс. Қорғаныш, сүйеніш.

Түбінде бір өлу анық болған соң, Не үшін өлдің, біліп өлген жақсылау. Өлмеді ме ел тұлғасы нояндар? Қаша берсін өңшең қорқақ қояндар! Солар ма екен елге тұлға болатын? (Ж.Аймауытов, Шығ.).