Тұлға

lat: Tulǵa

з а т. 1. Белгілі бір елдің танымал адамы, қоғамға еңбегі сіңген қайраткер, айтулы азамат.

Концерт пен қабылдауда Қазақстан мен Ресейдің бірқатар министрлері, белгілі кәсіпкерлер мен шекаралас облыстардың әкімдерінен басқа, Қазақстанға қатысы бар бірқатар тұлғалармен жүздестік (“Жас Алаш”).

Кезеңде өмір сүрген аты белгілі адамдар, әрине көптеген әсірелеу, қарсы қазақтардың бас бостандығы үшін күрескен кездегі тұлғалар жырланады (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.).

2. ф и л. ә д е б. Жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым.

Тұлға философиялық тұрғыда адамды «адам» ретіндетануға, яғни оның рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады (ҚҰЭ).