Тұман

lat: Tuman

з а т. 1. Атмосфераның жергетаяу қабатына ұсақ су тамшыларынан немесе мұз кристалдарынан жиналған бұлдыр ауа.

Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан, Күз болып дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан (Абай, Тол. жин.).

Күзгі түн. Тұман, тыныш маң. Айнала жым-жырт, тым-тырыс. Күндізгі ауыр жұмыстан Алған-ау ауыл бір тыныс (М.Мақатаев, Шығ.).

2. а у ы с. Болашағы жоқ, күңгірт, белгісіздік.

Оқи алмай ғылым тілін, Тұман болып жарық күнім, Қасықпен аршыдым жылым, Не көрмеді ғарып басым (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Қарттардан кетті ауырлық, Сопыдан кетті сабырлық, Тұман басты заманды, Біз заманға не қылдық? (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

3. а у ы с. Қиындық, қайғыасірет.

Көшекеңнің Әлиге Сонда тұрып айтқаны: Әкімісің Әліби, Мұңдылар мен шерлінің Басына тұман түскен күн (О.Шипин, Дастан.).