Тұңғыш

lat: Tuńǵysh

с ы н. 1)Ең алғаш, бірінші.

Қазақтың боғауыз мақалдарының кейбірін Э.Диваев жинап, тұңғыш рет 1900 жылы Ташкент қаласында қолжазба күйінде жариялап таратты (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.).

Ол барлап тұр Болашаққа жол біліп, Көкірегіне ар-намысшыл толды үміт. Біздің тұңғыш ғарышкерден аумайды Сұңғақ бойлы, зор тұлғалы сол жігіт (К.Салықов, Жезкиік).

Бүгінгі тұңғыш тойыңа Той ұласқай деп күтед. Енді алдым ашық деп, ілгері басқай деп күтед (М.Жұмабаев, Шығ.).

2)Алғаш көрген баласы, баланың ең үлкені.

Сол аласапыран түнде бір шаңырақтың тұңғышы дүниеге келді (С.Сматаев, Алау).

Ата-ананың тұңғышы да, кенжесі де мен болдым (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.).

Тыныштық: Әне, қара дала батыр. Дастарқанын жайыпты. Қара да тұр. Тұңғыш ұлын әлдилеп жан Ана отыр, Жарын, ұлын қызықтап жан аға тұр (М.Мақатаев, Шығ.).