Түбіртек

lat: Túbirtek

з а т. 1. Кесілген не сынған ағаштың, өсімдіктің түбірі.

Бірінің ізінен бірі жүреді. Бірінің тауып ашқан жусанына бәрі жабыла кетіп, түбіртегіне дейін кеміреді (С.Елубаев, Ойсыл қара).

Түбіртекке сүрініп кетіп, етбеттеп жығылып барып, бойын әрең түзеді (Ш.Мұртаза, Қызыл жебе).

2. а у ы с. Бір нәрсенің қалдығы.

Баласы екінші шылымды түбіртегіне дейін құныға сорып, қалың ойда отыр екен (С.Мұратбеков, Дос іздеп.).