Түзу

lat: Túzý

с ы н. 1. Тура, тік.

Кеннің жатысына қарсы тіреулі самсаған крептер телеграф бағанасындай түзу тартылған (Ғ.Мұстафин, Қарағанды).

Гармоны, домбырасы сайрап тұрса, Тағылған түзу келіп пернесінде. Күлім көз, оймақ ауыз жары болса, Лайық жақсы жауап сөйлесуге (Ә.Найманбаев, Шығ.).

2. а у ы с. Дұрыс, жөн.

Көрмесе де көзімді, Білмесе де өзімді. Кейінгі жылдар қабылдар, Айтылған түзу сөзімді (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Болады әсілі әулие бел баласы Тентекті тезге салып түзу жонған. Бай Жақас орта жүзге ұйтқы болып, Атағы алты алашқа мәшһүр болған (Ә.Найманбаев, Шығ.).