Түйір

lat: Túıir

з а т. 1. Өсімдіктің бір тал дәні, тұқымы.

Қызылжар председательге бір түйір дәнді шашау шығармаңдар деп, тәртіп беріпті (М.Дүзенов, Астана.).

Помидордың кейбір сортының мың түйір тұқымы 0,6 1,2 грамға дейін су сіңіреді (Д.Әбілев, Помидор.).

2. Қандай да бір заттың кішкене бөлігі.

Алдына қойған еттен шұқып бір екі түйірін аузына салды (І.Есенберлин, Қатерлі.).

Ғұмыры жетпеді, Көрсетпей бақытының жалғасын, Көңілінің көктемін, Жайнады бір түйір қорғасын. Өмірім, өрге жүз, тоқтама! (М.Шаханов, Ғасырлар.).