Түс

lat: Tús

з а т. Қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі, ұйқы кезінде көрінетін елес.

Асқар түс көріпті, түсінде әкесі биік жардан құлап түсіпті (З.Шашкин, Ұядан ұш.).

Шәрбану. Түсімде ел көшкен екен деймін. Біздің қара інгеннің жүгі ауыр, жатып алды. Ұрамын кеп тұрмайды, ұрамын кеп тұрмайды. Әбден шаршап, жан-жағыма қарасам, көштің бәрі ағылып кетіпті (Ж.Аймауытов, Шығ.).