Түсінік

lat: Túsinik

з а т. 1. Бір нәрсе жайлы қалыптасқан ұғым.

Қазақ түсінігінде жұлдыз ақса кісі өледі (І.Есенберлин, Қаһар).

Бір баланың оқу жөнінде бұрыннан жақсы түсінігі болады (Қ.Жарықбаев, Психология).

2. Зат туралы тұрақталған ой, пікір.

Иә, сіз менің аспан жөніндегі түсінігімді төңкеріп кеттіңіз (Т.Шаханов, Жоғалған.).

Ал іс жүзіндегі жағдай бұл ғылыми түсініктен бір бөтен (М.Дүзенов, Әке.).

3. Бір нәрсе туралы берілетін ақпар, мәлімет.

Саяхатшыларды бастап түсінік беріп келе жатқан кісі бір кезде орнынан тұрды (Ә.Шәріпов, Алыс.).

Енді терме құралдарды атап, олардың кейбіреулеріне түсінік берейік (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).

4. Түсініктеме.

Әлгі сенің Ақтерегіңе түсінік жазып, басым қатқанын қарашы (К.Баялиев, Дегелек.).