Түсініктеме

lat: Túsinikteme

з а т. 1. Бір нәрсе жайлы деректеме, анықтама.

Көріп отырсыздар, бұл арада ешқандай түсініктеменің қажеті жоқ (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).

2. р е с м и. Қызмет бабында ресми түрде анықтауды қажет ететін мәселелер туралы себебін айтып жазатын хат, құжат.

Әсіресе Бақжанов түсініктемені қашан бересің деп алқымынан алды (Е.Оразақов, Дәрігер.).

3. ә д е б. Көркем шығарманың қандай жағдайда, қай уақытта жазылғаны жайлы анықтама, оның идеялық мазмұнын, құрылым бітімін терең танып білуге қажетті деректер.

Әдеби шығармаға берілген түсініктеме бірнеше саладан тұрады. Шығарманың мәтіні немесе қолжазбаның қандай (қашан, қайда жарық көрген) басылым негізінде берілгенін көрсету т.б. (ҚСЭ).

Сөйлеген сөзге, мәтінге берілген анықтама, түсіндірме. 206 ескертулер мен түсініктемелерді қосып, жеке кітап етіп бастырып шығарған еді (“Білім және еңбек”).

5. и н ф. <ағыл. comment> Алғашқы программадағы түсінік беретін мәтін; программаның орындалуына әсер етпестен программаға кейбір түсінік ретіндегі мәтіндерді қосуға мүмкіндік беретін қарапайым конструкция (Қаз. тілі термин. Информатика.).