Түсінікті

lat: Túsinikti

с ы н. 1. Белгілі, анық, айқын.

Түсінікті уақыттың тез өтпегі, Тез өтті деп кәрі-жас безектеді. Сағатына қараған секунд сайын Сұлуды сен көрдің бе кезектегі! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Түсінікті нәрсені түсіндіре беруден де жалығады кісі (Р.Тоқтаров, Тұлпар.).

2. Түсінігі бар, көзі ашық.