Тыйым

lat: Tyıym

з а т. 1. Тежеу, тоқтам.

Ойбай-ау, қызға қырық үйден тыйым емес пе (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).

Тілге тыйым болса да, Көзді ешкім тыймайды. Кірпікке ұйқы қонса да, Елестер жетіп, қинайды (К. Салықов, Жезкиік).

2. п е д. Белгілі бір сенімге байланысты рұқсат етілмеген іс-әрекет.

...Орман, тау, жазық, аң иелеріне арнау-арбау оқымаса, олардың қаһарына ілінуі, түрлі аурулардың иелеріне бағышталған дұға, арбауларды білмей қалса, өлімге ұшырауы, түрлі тыйымдар ішінен бірін білмей қалса, тағы да толып жатқан қауіпатерге қалуы мүмкін деп ойлаған (Е.Тұрыс, Келіншектау).

Тыйым жаман, жағымсыз істен аулақ болуды талап ету. Тыйым тәрбиенің басты тірегі (Қаз. тілі термин. Педагогика.).