Тігіншілік

lat: Tiginshilik

з а т. Іс тігумен шұғылданушылық, сол кәсіпке маманданушылық.

Анау Николай жер бетінде тігіншіліктен асқан мамандық бар екен деп ойламайды (Б.Бодаубаев, Жас жүрек.).

Әзият жасынан іс тігуге бейім еді. Ер жетіп, мамандық таңдауда тігіншілікті қалауы да осыдан шығар («Қазақст. әйелдері»).