Жүктеу

lat: Júkteý

Жүкте етістігінің қимыл атауы. 1. Жүк тиеу, арту. Мәшинеге сексеуіл ж ү к т е у жұмыстары жүргізілмелі (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). 2. информатикалық. <ағылшын тілі. load loading> Мәліметтерді процессор операцияларында тікелей пайдалану мақсатымен оларды дискілерден (мәлімет тасуыштан) негізгі жедел жадқа немесе негізгі жадтан регистрлерге жіберу (Қаз. тілі термин. Информатика.). 3. ауыспалы мағына. Міндеттеу, тапсыру. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін ж ү к т е у г е, қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға жол берілмейді (ҚР Конституциясы). Басқарма бастығы бұл істі сізге ж ү к т е у д і ұйғарды (К.Тоқаев, Түнде.).