НАН

lat: NAN

(пар. нан نان) нан.

Дирхемге нан ал деді атаң маған, Мұны баян қылайын, жаным, саған («Қисса Гүлжәмила қыздың хикаясы». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).

Нан алдым, қазанда тұр ыстық күріш, Салып ап бір кателмен шыға қаштым («Арқалық батыр». Бабалар сөзі. 61-том. 2010. 100 томдық).

Сухар нан кептірілген нан.

Екі сухар нан беріп, Күн ара кесім тамаққа («Қобыланды туралы». Бабалар сөзі. 36-том. 2006. 100 томдық).

Деміне нан пісу 1. Ештеңеден тайсалмау.

Төлеген заулап жөнелді, Мінді атының беліне, Нан піседі деміне («Қыз Жібек» (Мұсабай жырау нұсқасы). Бабалар сөзі. 53-том. 2009. 100 томдық).

2. Асып-тасу.

Жеткізсе Құдай мұратқа, Қалмақтың көзі ағарар, Нан пісірген деміне («Қыз Жібек» (Қаршыға нұсқасы). Бабалар сөзі. 53-том. 2009. 100 томдық).