lat: Tirkeý
з а т. 1. Тұрған жерді көрсетіп, құжатта тіркелген белгі.
Бір жарым ай бойында бұл үйге тіркеу де жасалмады (С.Адамбеков, Қожанасыр.).
2. з а ң. <лат. registratio> Заңдылық сипат беру үшін, есепке алу мақсатымен деректерді немесе құбылыстарды тіркеп отыру үшін жасалатын жазба.
Тіркеудің түрі мен сипаты әрқилы (Заңи термин. анықт. сөздігі).
ҚР Қаржы министрлігінің деректері бойынша тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлердің 2004 жылғы 1 қазанға саны 303,8 мың адам, одан жұмыс істеп тұрғандары 230,8 мың адам («Ақиқат»).