Жүлде

lat: Júlde

зат есім. ранцуз тілі. prix> Бәйге, сыйлық. Сондықтан Горький атындағы санаторийдің карнавалында бірінші ж ү л д е н і оған тартады (Қаныш аға). Бәйгеден келген кезде кең көсіліп, Жүйрікке неге ж ү л д е бермесін жұрт. Жалыңды тарап сұлу наз айтқанда Басыңды тыңдаушы едің сен де шұлғып (Қара өлең). Ж ү л д е л е р көп еді ғой біз алатын, Қару ек қорғандарды бұза алатын, Топ жарып, той бастайтын жігіт қайда, Қыз қайда оны көрсе қызаратын (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Бұдан басқаны айтпағанның өзінде, халқымыздың ел атын шығарар атақты үлкен тойлардағы бәйгеге берілер ең кәделі ж ү л д е н і ң басын қалы кілем жабылған қатепті қара нарға бастататыны анық та айғақты дәлел бола алады (Қ.Салғарин, Қасапшылар).