Тіс

lat: Tis

з а т.ат. dens> 1. а н а т. Адамның, жанануарлардың шайнауға немесетістеп үзуге бейімделген, ауыз қуысындағы қатар тізілген сүйек мүшесі.

Қашыр-құшыр шайнайтын қайран тісім, Тіс кеткен соң кетті ғой менің күшім, Кесек-кесек турайды, өзі жейді, Жаны ашиды деп сенген жақын кісімал ақын, Өлеңд.).

Азайып күшің, Саудырап тісің, Шалбардай болып бет кетсе, Отбасын бермей, Үй үшін көрмей, Сүйегің қалып, ет кетсе, Тізеңді бүгіп ие алмай, Киімің жөндеп кие алмай (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

2. а у ы с. Ауылшаруашылық сайман, техникалардың жүзі, тарақтың ұшы.

Жұмылды мынау іске барлық халық, Жететін арық тартты атпен талып, Тіспен жыртып, кетпенмен майдалаған Атыз, тап айда бітті аяқталып (О.Шипин, Дастан.).

Сырты алтын, тісі күміс тарағыңның, Кірі жоқ ақ торғындай тамағыңның. Сағынып қыз дауысын жүргенімде, Бір кезі келіп қалды-ау қарағымның (Ә.Найманбаев, Шығ.).

3. а у ы с. Өмірдің қиындығы, азабы, зардабы.

Батпасын ешқашанда уақыт тісі, Зухрам бақыттының бақыттысы. Екеуің қол ұстасып жүз жасаңдар, Кетпесін бастарың-нан бақыт құсы (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).