У

lat: Ý

з а т. 1. Тірі ағзаға әсер еткенде, қалыпты тіршілік әрекеттерін күрт өзгертетін не өлімге душар ететін химиялық зат.

Бұл заттар организмге ішкен тамақ, дәрі-дәрмек, тыныс алу және т.б. арқылы өтеді, кейде организмнің өзінде пайда болуы мүмкін. Уды қайтаратын арнаулы дәрілер бар (Қаз. тілі термин. Тамақ.).

Тұруға уақытым жоқ сөзді ұзартып, Барамын, асығыспын, елге қайтып. Сусын деп у беретін сұм сарайдың Кетейін кейінгіге сырын айтып (Ә.Найманбаев, Шығ.).

2. а у ы с. Қайғыасірет, мұңшер.

Тағы сене бастаймын, Күнде алдағыш қуларға, Есім шығып қашпаймын, Мен ішпеген у бар ма (Абай, Тол. жин.).

Ажалға өзіңді алдырдым. Мені тірідей көрге салдырдың. Азаптың уына қандырдың, Оң жақта мені қалдырдың (Қабан жырау, Алтын қазық).

3. а у ы с. Зияндық, жамандық.

Біздерді алдап келер дүние ғаяр, Сөйтіп жүріп адамға уын жаяр. Қолыңды жарты сағат босатпайды, Бірін тапсаң, тұрады бірі даяр (Шал ақын, Өлеңд.).

Шырқайды ол бөтен елден, Барымтаға түскендігін. Хан қолында қайғықасірет, Зәрлі уын ішкендігін (О.Шипин, Дастан.).

У жақтыҚаралады, жала жапты.

У жағып бір жеріне қастық қылар, Дұшпандар қасақана көремін деп. Бай мен бек, болыс, биден сақтанып жүр, Жаңғырар аман өссе жер менен көк (О.Шипин, Дастан.).

У жеген бурыл бөрі порымданды.

Ыза кернеп аласұрды. Дауысы зеңбіректей жерді жарып, Алмасты аспаһани қолына алып, Ширығып шыдамы жоқ тұр ханыша, У жеген бурыл бөрі порымданып (І.Жансүгіров, Шығ.).

У жұтқандай болды. Қатты қайғырды, іші шерге толып, уайым жеді. Бірақ осы сөз әр уақытта жылтыңдап шыға бересің-ау, деп ішімнен пысып, өзөзімнен у жұтқандай болдымаз. тілі фраз. сөздігі).

У қайтарғыштар. х и м. Улы заттарды арнайы байланыстыратын және токсиндермен, улы заттармен уланғанда емдік препарат болып табылатын химиялық қосылыстараз. тілі термин. Химия).

У қайтарғыштар уландырғыш заттармен зақымдалған адамдарға алғашқы көмек көрсету үшін қолданылатын уға қарсы заттар (Қаз. тілі термин. Әскери.).

У тілді. Тілі удай, ащы. Әншейінде у тілді Жақып қазір зығырданы қайнаса да, аузын баға қалған (Ғ.Мұстафин, Дауылда.).

Кенеттен ши түбінен бас көтерген жыландай у тілді мыстан кемпірді көрдім (А.Лекеров, Қырда.).

У жесең [жұтсаң, ішсең], руыңмен. Не көрсеңде ағайын-туған, ел-жұртпен бір көрген дұрыс деген мағынада.

У жесең, руыңмен деуші еді, тобыңнан жырылғанда, мұнда кімді пана тұтып кеп жүрсің? деді Ербол (М.Әуезов, Абай жолы).

Серғазы өскен ортаның ежелгі ережесі «У жұтсаң, руыңмен» болатын («Қаз. әдеб.»).

«У ішсең, руыңмен» деген мақал бар, сен неге ұрлығыңды бізден жасырдың, деп Қисық Исаға түйілді («Қаз. әдеб.»).

У ішті. Азап көрді, қиналды, адасты.

Арман қуып, Аңқаулықтан у іштім. Алау құшақ ағайынмен суыстым. Жыр жазам деп, Дұрыс емес бұл енді, Асына да бармай қалдым туыстың (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Іші у жалағандай болды [күйді]. Іші әлемтапырық болды, удай ашыды.

Несін жасырайын, Күлқадишаның көзі Рақыштың көзімен кездесіп қалғанда, менің ішімді у жалағандай боп, өзімді-өзім зордың күшімен ұстадым (Ж.Мұзапаров, Қаби қарт.).

Бұл бері келгенде, ол ауылға жүріп кеткен болды ғой деп, іші у жалағандай күйіп кетті (М.Дүйсенов, Гүлжан.).